Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада Сирия мәселесі бойынша келіссөздер өтіп жатыр

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2017
  • 2302

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Сирия мәселесін шешуге атсалысуға дайын. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Сирия бойынша келіссөзде Сыртқы істер министрінің орынбасары мәлімдеді.  Қантөгісті тоқтатып, бейбіт бітімге келу үшін ресми билік өкілдерімен қатар, Астана процесіне 9 бірдей қарулы оппозициялық топтың мүшелері келді. Үкіметке қарсы тараптың делегациясын Мұхаммад Аллуш бастап келген. Жалпы бұл жолғы кеңеске Ресей, Түркия, Иран және Иордания мен БҰҰ өкілдері де қатысты. Кешеден бері кепіл мемлекеттер мен Сирия үкіметі және оппозиция өкілдері жабық есік жағдайында қызу пікір алмасып жатыр. Қазір Сирияда оқ атпау тәртібі енгізілген. Басты міндет - сол тыныштықты сақтау.

Хусейн Муртада, саяси шолушы:

Оқ атпау режимі орнаған елді мекендер Палестина, Иордания және Сирия елдерінің шекарасы маңында орналасқан. Ол аймақты «алькаида», «даиш» және «джабхат ан-Нусра» сынды оппозициялық топтар басқарады. Қазір олар оқ атпау туралы келісімге қол қойды. Ендігі мақсат осындай режим орнайтын елді мекендер саны мен аумағын кеңейту. 

Сириядағы қауіпсіздік мәселесі бойынша негізгі сұрақтар пысықталған Астана келіссөзінің  нәтижесі қалай болары әзірге нақты белгілі емес. 23-ші ақпанда Женевада тағы бір маңызды жиын өтеді. Сол басқосуда билік пен оппозиция бір мәмілеге келеді деп күтіліп отыр.