Танымал айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева жолдасы Нұржан Иманәлиевпен некелескен күнін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі Ыстамбұл қаласында тұрып жатыр.
“Бүгін біздің отбасымызға – 5 жыл. 2019 жылы 9 маусымда некеміз қиылған. Нұрекеңнен “Бүгін қандай күн?” деп сұрамаймын ба, сөйтсем “Жексенбі ғой” дейді. Ал мен бүгін не сыйлайды екен деп ұйықтамай шықтым”, – деп жазды айтыскер ақын.
Айта кетейік, айтыс өнерінің майталманы күйеуінің қандай адам екенін айтқан еді.
“Жолықсаң біздің елдің тентегіне,
Өмірдің қарамайды келтеңіне..
Досына жалғыз атын сойып беріп, Қалады жүген ұстап ертеңіне…” деген өлеңді бәріңіз білесіздер ғой, осы өлең тұп-тура Нұрекеңе арналған ба деп қалам… Өзі дүкен аралап киім алғанды жақсы көреді, бірақ ертесіне соның бәрін таратып жіберетіні қиын. Қалтасындағы соңғы тиынын садақаға беріп жіберіп “Алла жеткізеді” деп күліп қойып жүре береді. Тағы бір ерекшелігі Алладан басқадан қорқу дегенді білмейді. Жаны жомарт, аңғал, ақ көңіл деген теңеудің бәріне лайық, әлхамдулиллах!”, – деп жазған еді Айнұр Тұрсынбаева.