Русский Сайттың толық нұсқасы

2017 жылы Қазақстан 81 миллион тонна мұнай өндіреді

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2017
  • 4648

Қазақстан биыл 81 миллион тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Оның 65 миллионы экспортқа шығарылады. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай деді. 2017 жылы мұнайға болжамды баға барреліне 50-55 долларды құрайды.

Аймақтар бойынша мұнай өндіруден Атырау облысы алда келеді.  2016 жылы облыста 33,5 миллион тонна шикізат өндірілген. Маңғыстауда - 18,1 миллион, Батыс Қазақстанда 12,3 миллион, Қызылорда - 7,6 млн, ал Ақтөбе облысында 6,3 миллион тонна мұнай өндірілген. Қара алтынды өңдеу 2017 жылы 14,5 миллион тонна деп жоспарланған. Сондай-ақ, өткен жылы Қазақстан 47 миллиардқа жуық текше метр газ өндірсе, 2017 жылы бұл көрсеткіш 48 миллиардтан аспақ. Оның 13,7 миллиард текше метрі экспортқа жөнелтіледі, - деді Қанат Бозымбаев.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Әлемдегі мұнай бағасының өсуіне ОПЕК елдері өндіру көлемін төмендету бойынша міндеттемелерінің әсері тиді. Оған Қазақстан да қосылды. Қашағанда 8 миллион, Теңізде 27,5 миллион, Қарашығанақта 11,9 миллион тонна мұнай өндірілетін болады.