Русский Сайттың толық нұсқасы

Бала тәрбиесінде ардагерлеріміздің орны ерекше – Балаева

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2024
  • 627

Бүгін Астанада "Ардагерлер Ұйымы" РҚБ Орталық кеңесінің пленумы өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс" идеясы жан-жақты талқыланды.

Халқымыз ежелден үлкенін сыйлап, кішісін құрметтеген бауырмал жұрт екені көпке мәлім. Ұлттық бірегейліктің ең бір өзегі - ақсақалдар инстиуты. Бүгінгі таңда дәстүрлі қоғамның басты негізгі игі құндылықтарының біріне айналды. Қазақстанның ардагерлер қауымдастығы сол ізгі салттың жалғасы, биік мәдениеттің иесі ретінде көпке үлгі әрі өнеге болып келеді. Мемлекет басшысы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда мәдени-гуманитарлық сала мен идеологияның жаңа бағдарын айқындап, ұлттық бірегейлігімізді нығайтуда, және елімізді қарқынды дамытуға арналған міндеттерді жүктеген болатын. Жоғарыда атап өткендей, еліміз ежелгі игі дәстүрлерін ұмытқан жоқ. Қоғамдағы ұлттық бірлік, этностар мен діни топтар арасындағы өзара түсіністік және жастарды есірткі, лудомания секілді жағымсыз әрекеттерден сақтауда ардагерлер инстиутының рөлі зор, - деді Аида Балаева.

Министрдің сөзінше, пандемиядан соң қоғамда дін саласы, лудомания, алаяқтық мәсеселері өрши түскен. Қазіргі таңда министрлік міндеті - аталған мәселелердің алдын алу.

Кейбір азаматтар отбасында не көреді соны қоғамда көрсетіп жатады. Өкінішке қарай бүгінгі таңда ересек азаматтардан бастап, кішкене бүлдіршінге дейін қатыгез болып жатыр. Буллинг мәселесі де өте өзекті болып отыр. Әрине, көптеген мәселелердің алдын алу ол тәрбиелік жұмыстардан басталады. Сондықтан бала мектепте жақсы тәрбие алса, қоғамдағы мәдениет оң қалыптасса дейміз. Қоршаған ортамызды ластап, ескерткіштерімізді бұзып жатқан шетелдіктер емес, өз азаматтарымыз. Мұның бәрі ардагерлер ұйымымен қоян-қолтық жұмыс істеуді талап етеді, - деді ведомство басшысы.

Аида Балаева Жеңістің 80 жылдығына қалай атап өтілетінін айтты.

Министрлік өз тарапынан іс-шаралар жоспарын әзірледі. Үкімет деңгейдегі ауқымды жоспарлар қолға алынып отыр. Кешенді әрі жан-жақты мәселелер қамтылатын болады. Майдан даласында қан мен терін төккен батыр бабаларымыздың еңбегін ұлықтау біздің перзенттік борышымыз, десе де біз көп нәрсені байқамай қалуымыз мүмкін. Мәселен, осы уақытқа дейін де ескерілмей келген ардагерлер де бар екен. Олар туралы министрлікке ұсыныстар да түсіп жатыр. Бәрі 80 жылдықтың аясында іске асырылмақ. Ең бастысы, жүйелі әрі кешеді жұмыс істелуге тиіс. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы қаһармандарын ұлықтайтын «Батырларға тағзым» жобасы іске қосылды. Бұл порталды біз ардагерлер ұйымының көмегімен толықтырып, жандандыратын боламыз. Онымен қоса, соғысқа қатысушыларға арналған Қазақстан мен Ресей тарапы фотоальбом шығаруды қолға алуда, - деді Балаева.

Еңбек және әлеуметтік қолдау министрі Светлана Жақыпова бүгінгі таңда ардагерлерге әлеуметтік жағынан қандай жағдай жасалғанын атап өтті.

Ардагерлерге медициналық көмек көрсетіледі. Үй заңнамасына сәйкес Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге бірінші кезекте тұрған үй беріледі. Сонымен қатар Жеңіс күні қарсаңында бүкіл өңірлерде әкімдіктер құттықтап, қол ұшын созады. Ірі компанияларда ардагерлерге қаржылай көмек береді, - Светлана Жақыпова.