Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана-Алматы бағытындағы автомагистраль қоқыстан тазартылады

Астана-Алматы бағытындағы аумағы 1202 киллометр автожолдың бойы қоқыстан тазартылады. Жалпыұлттық “Таза Қазақстан” акциясы аясында “АМАНАТ” партиясы мен “Жастар Рухы” Жастар қанаты Road-эстафетасын бастады. Бес күндік шара Аршалы ауданында басталып, 100-ден астам жас пен өңір тұрғындары тазалық жұмыстарына қатысты. 

ДӘУЛЕТ КӘРІБЕК, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Таза Қазақстан ең бірінші бұл өзімізден басталады. Таза және тәртіпті ел ең бірінші бұл өзіміздің азаматтарымыз үшін қажет. Сондықтан да мемлекет басшысы тазалық мәселесін, таза Қазақстанды жалпы ұлттыұ деңгейде көтеріп отқаны да сондықтан деп ойлаймын.

Еділ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Орташа есеппен 60 км-ге 8-9 куб мусор жиналады екен. Ал оны егер килограммға 1км шағатын болсақ бұл әр километрге орташа есепте 16 килограмм мусор тасталады екен. Бұның бәрін тастап жатқан өзіміздің ағайынарымыз, өзіміздің достарымыз класстастарымыз жақындарымыз. Біз айналамызды, елімізді таза ұстауды насихаттауымыз керек.

Ақерке ИСКАНДЕРОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ең ерекшелігі бұл біз аудандарға кіріп жастармен экологиялық сана бойынша жұмыс жасаймыз. Депутаттар өз кездесулерін өткізеді. Және де тұрғындармен кездесу өтіп жалпыбіздің осы елімізді қоқыстан тазартып оны әрі қарай қайта өңдеуге береміз.

Эстафета Қарағанды облысында жалғасын тапты. Еріктілер мен белсенділер Осакаровка ауданындағы тас жолдың бойын қоқыстан тазартты. Сонымен қатар облыстық және қалалық мәслихат депутаттары елдімекен тұрғындарымен кездесіп, халықтың ұсыныс-сауалдарын тыңдады. Айта кетейік, тазалық акциясы мен депутаттардың қоғамдық қабылдауы бірнеше облыста 5 күнге жалғасады. Іс-шараға «1 команда – 1 облыс» қағидаты бойынша құрылған командалар қатыса алады. Ал, Road-эстафетаның жабылу салтанаты Қонаев қаласында ұйымдастырылады. 

ЕРЖАН ХАМИТОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖАСТАР ҚАНАТЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қарағанды облысы “Таза Қазақстан” жалпыұлттық акциясы аясында өтіп жатқан Road-эстафетаны қабылдап алды. Қазіргі кезде біздің жастарымыз осы Қарағандыға дейінгі автомагистральды тазалап жатыр. Қарағанды облысы осы эстафета аясында ең ұзақ аумақты қамтып жатыр.