Русский Сайттың толық нұсқасы

10 мыңнан астам жұмысшы жалақысын уақытылы алмаған

10 мыңнан астам жұмысшы жалақысын уақытылы алмаған. 145 кәсіпорынның берешегі 1,6 миллиард теңгенің шамасында. Кемшіліктерді мемлекеттік еңбек инспекторлары анықтады. Жалпы олар 24 мыңнан астам жұмысшылардың құқығын қорғаған. 

Жұмыскерлердің құқығын таптау ең алдымен экономиканың ілгері жүруіне кедергі болатыны белгілі. Әсіресе, еңбеккердің жалақысын уақытылы бермеуі халықтың әлеуметтік тұмысын түмендеуіне себеп болуда. Бұл проблеманы шешу үшін тиісті ұйғарымдар шығардық дейді ведомства өкілдері.

Бибарыс ТӘҢІРБЕРГЕНҰЛЫ, ҚР ЕХӘҚМ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Мемлекеттік еңбек инспекторларымен 4,2 мыңға жуық заң бұзушылықтар анықталды. Тұрақты түрде мемлекеттік тексерістер жүргізіліп тұрады. Оның аясында 139 ұйғарым беріліп 17,7 млн тг әкімшілік айыппұл салынды.

Екі қолыма бір күректі таптым, айдын аяғында жалақымды аламын деп алақанын сипалап отырғанда, еңбекақысыз қалу кімге болсада оңай тимесі анық. Жалпы елімізде жұмыскерлердің құқығын қаншалықты қорғалатынын көпшіліктен сұрап көрдік.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Менің ойымша адамдар өзінің құқығын біліп өзінің құқығын талап ете алған жағдайда жұмыс берушінің тарапынан жұмысышының құқығы қорғалады деп ойлаймын.
-  жұмыс жасағанмын бір ай а екі ай істегенмін ақшамды ала алмадым. 700 мың тг бар соны ала алмадым. Қазір қорғалмайды. Договор болмаса ескермейді.
- Заңдар бар шығар бірақ жұмыс істемейтін сияқты. Заңдар бар көп оны мен өзім зерттегенмін. Неше түрлі жағдайда бір бірлеріне сілтей береді.

Жұмыскерлердің құқығы тапталып жатса, қызметкердің еңбек инспекциясына жүгінетіні анық. Алайда бұл органның барлық мәселені шешуге құзыреттілігі жетпейді дейді заңгерлер.

Жандос ТҰЯҚОВ, ЗАҢГЕР:

Еңбек инспекциясы жұмыс берушіге қандайда бір айыппұлдар салуы мүмкін. Немесе заңсыздықтарды анықтауы мүмкін. Бірақ еңбек инспекциясының құзыреттілігінде оларға ақшасын алып беруге ешқандай механизімі жоқ. Олар тек қана еңбек кодексіндегі заңнамаларды бұзды ма сол бойынша айыппұл салады.

Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 139 ұйғарым берілді және 17,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.