Алматыда үйлену тойына қатысқандар көшеде автоматпен оқ атты. Абырой болғанда ешкім жарақаттанған жоқ. Желіге тараған видеодан мылтық дәл той үстінде атылып, тәртіпбұзушылықтың бірнеше минуттарға созылғаны байқалады. Музыканың сүймелдеуімен аспанға бағытталған оқтарды келген қонақтар видеоға түсірген. Қазір Полиция департаменті олардың жеке басын анықтап жатыр.
Бауржан АЛЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
Ағымдағы жылғы 9 маусымда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында атыс қаруын қолданумен байланысты оқиға болды. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен жылдам қимылдайтын арнайы жасағының жауынгерлері барлық құқықбұзушыларды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қарулар тиісті сараптамаға жолданды.