Русский Сайттың толық нұсқасы

Құрбан айт күндері Астанада қоғамдық көліктер тегін болады

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2024
  • 456

Астана қаласы әкімдігінің шешімімен, алдағы Құрбан айт мерекесінде елорданың қоғамдық көлігінде (қалалық және қала маңы бағдарлары) жол жүру тегін ұйымдастырылады. 

Қоғамдық көлік жұмысы сағат 06:00 басталады. Түнгі № 201, 202, 203 бағдарларында да маусымның 15-нен 16-сына қараған түні жол жүру тегін болады.Түнгі бағдарлардың қозғалысын «Avtobys» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады.