Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда қоқыс полигонынан өрт шықты

  • AstanaTV
  • 11 маусым 2024
  • 465

Орал қаласының маңында орналасқан қоқыс полигонында өрт болды. 

БҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 7 маусым күні сағат 23.30-да 300 шаршы метр аумақта қоқыс өртенуінен басталған.

"ICM Recycling" ЖШС тиесілі полигонның жалпы ауданы — 37 гектар.

Павлодар облысында балалар орманды өртегені үшін ата-аналарына айыппұл салынды

"10 маусым күнгі сағат 17:20-дағы мәлімет бойынша өртті ауыздықтауға 9 адам, 6 техника жұмылдырылды. Жанған аумақ 8 маусым күні сағат 02:16-да оқшауланғанымен, әлі бықсып жатыр. Бүгін көмекке қосымша 6 адам, 4 техника жіберілді", – делінген хабарламада.

Полигоннан шыққан түтін алыстан көрініп тұр.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысындағы орман шаруашылығында өрт шыққаны туралы жазған едік.