Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жоңғар Алатауы" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағы қоқыстан тазартылды

Ал Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Сарқан ауданындағы 35 елдімекенге тазарту жұмыстары жүргізілді. "Жоңғар Алатауы" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ, ағаш егетін орын дайындалды. Келер жылы парк аумағында 80 мың көшет егіледі. Оны еліміздің түкпір-түкпіріне тарату жоспарланған. 150 мың адам қатысқан сенбілікте «Қойтас» саябағы да тазаланды. Ал Теректі өзенінің бойындағы 2000 метр жер ауыл тұрғындарының көмегімен қоқыстан аршылды. Ауданнан жалпы көлемі 40 мың текшеметр қатты қалдық шығарылған. 

Алмас БАЙҒОНЫСОВ, САРҚАН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сарқан ауданында 12 ауылдық округ, бір қала бар, 35 елді мекен бар. Бүкіл аудан көлеміндегі парк, аула, көшелер, арықтар тазаланды. 40-қа жуық техника қамтамасыз етілді. Аудан көлемінде 74 мыңға жуық жасыл желек егілді. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін осы «Таза Қазақстан» акциясына өз үлестерін қосып жатыр.