Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз саяхаттай алады

  • AstanaTV
  • 11 маусым 2024
  • 16054

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан мен Марокко корольдігінің үкіметі арасындағы Ұлттық/жалпы төлқұжаттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы үкімет қаулысын дайындады.

Келісім бойынша екі елдің азаматтары бір-бірінің еліне визасыз 30 күн жүре алады. Яғни 3 ай сайын 30 күннен жүруге рұқсат.

Алайда іскерлік мақсатта, жұмысқа тұру немесе оқу үшін 30 күннен көп жүру үшін дипломатиялық органдардан тиісті визаны алуы керек.

Сыртқы істер министрлігінде атап өткендей, келісім Қазақстан мен Марокко арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және ұлттық/жалпы азаматтық төлқұжаттардың иелері үшін визасыз тәртіп орнатуға мүмкіндік береді.

Құжат 25 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Марокко – Солтүстік Африкадағы Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінің ортасындағы мемлекет.