Русский Сайттың толық нұсқасы

Жұмыссыз қыз-келіншектер жаңа кәсіп түрін меңгере алады

Жұмыссыз қыз-келіншектер жаңа кәсіп түрін меңгере алады. Бұл жобаға нәзік жандылардан бөлек 18 бен 30 жас аралығындағы кез келген адам қатысуына болады. Өз ісін өрге домалатқысы келетіндер үшін биыл 2 мың мен 4 мың доллар арасында 30 грант бөлінді. Маркетинг, қаржылық сауаттылық, әлеуметтік желілер арқылы сауда жасау және психология негіздері оқытылады. Болашақ бизнес өкіліне бұл өз қызметін тиімді ұйымдастыру және жүргізуге көмек болады. Жобаның бастау алғанына биыл 12 жыл. Бағдарлама осы уақыт ішінде кәсіпке зейін қойған жандардың бастамасын жемісті етуге қолдау көрсетіп келеді. 100 мыңнан астам адам бизнес саласындағы білімін жетілдірген, ал 137 әйел грант алды. 

Майра АЙСИНА,   АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІ ФОРУМЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің ауыл әйелдерінің де үлесі бұл жерде бар. Себебі бүгінгі таңда грантты 137 әйел алып отырса. Солардың өзі бүгінгі таңда он мыңға дейін жұмыс орнын құрып отыр. Тек қана өз бастарын ойламай, өз жанұяларының да жағдайын жақсартпай. Басқалардың да жағдайын жақсартуға ат салысып отыр.

Назгүл ХИБАШЕВА, КӘСІПКЕР:

2021 жылы жеңімпаз атандым. Жалпы мен 51 жасым да жұмыстан шығып, 51 жасым да бизнес ашып. +үлкен қолдау алдым, білім алдым. Керек кезде маған үлкен қолдау болды.