Екі жүзден астам үй анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 маусымдағы жағдай бойынша 2024-2025 жылыту маусымына 268 үй дайын.
Айта кетейік, қала тұрғындары үйлердің жылыту маусымына дайындық барысы туралы ақпаратты қызмет көрсететін ұйымдардан тексере алады.