Русский Сайттың толық нұсқасы

Семейде полицейлер "Өрмекші адамды" көшеден ұстап әкетті

  • AstanaTV
  • 13 маусым 2024
  • 630

Семей қаласының тұрғындары жылу желілерінің құбырларында өрмелеп жүрген "Өрмекші адамды" көріп, алаңдаушылық танытқан. Полицейлер оны көшеден ұстап әкетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Семей қаласының тұрғындары супер қаһарман - "Өрмекші адамды" көшеден байқап, видеоға түсіріп алған. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы бірден келіп, "супер қаһарманның" қауіпсіздігіне алаңдаушылық танытатынын айтып, одан биіктен түсуін сұрады.

"Полиция қызметкері Дастан Жақпанов "Өрмекші адамның" небәрі 16 жаста екенін біліп, оны бірден үйіне жеткізді. Анасының қатысуымен онымен профилактикалық әңгіме өткізіп, мұндай ойындардың өте қауіпті екендігіне назар аударды", делінген полиция хабарламасында.