Русский Сайттың толық нұсқасы

Көкшетауда өрт шыққан үйден 25 адам эвакуацияланды

  • AstanaTV
  • 13 маусым 2024
  • 1249

Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды, оның төртеуі бала.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт тоғызыншы қабаттағы пәтерден шыққан.

«Алдын ала мәлімет бойынша пәтердегі жиһаз өртенген. Соның салдарынан қызыл жалын пәтердің ішін шарпып, 73 жастағы зейнеткер құтқарылды. Бұған қоса, тұрғын үйден 25 адам эвакуацияланды, оның төртеуі бала. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт 14 минутте оқшауланып, 20 минуттен соң толық сөндірілді. Өрттен ешкім жапа шеккен жоқ», - ТЖД баспасөз қызметінен.