Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттің шетелдік дипмиссия жетекшілерімен кездесуі

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2016
  • 1785

Мемлекет Басшысы шетелдік елшілерді өз мемлекеттерінің компанияларын қазақстандық кәсіпорындарды сатып алуға үндеуге шақырды. Сәрсенбіде, елімізде тіркелген шетелдік дипмиссиялардың жетекшілерімен кездесуде. Ол мемлекетіміздің «бизнес жүргізу» рейтингісінде 189 мемлекеттің арасында 41-орын алатынын айтты.

Н.Назарбаевтың сөзіне жүгінсек, Батыс әлемі мен Ресей арасындағы өзара санкциялар Қазақстанның өзге елдермен сауда айналымын былтыр 20-25 пайызға төмендеткен. «2016 жыл бәріміз үшін  оңай болмайды. Экономикада, ғаламдық саясатта аяқ астынан жылымық туатыны байқалмайды.Сондықтан бәрімізге күш салып жұмыс істеуге тура келеді»,- деді ол. Әйтсе де Президент оптимистік реңкте аяқтады – биыл ғаламда оң өзгеріс болады, келесі жылды тәуірірек көңіл-күймен қарсы аламыз- деп сенеді...