Қазір елімізде жедел ішек инфекцияларының маусымы жүріп жатыр. Денсаулық сақтау саласының мамандары жұқпалы дертті жіті бақылауда ұстап отыр. Бұған дейін елде қызылша, қызамық секілді вакцинамен басқарылатын инфекциялар көбейген болатын. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова инфекцияның алдын алу және бақылау жөніндегі ұлттық конференцияда айтты. Жалпы жиында инфекциялардың бір мезгілде таралуын және микробқа қарсы препараттарды қолданудың ұлттық зерттеу нәтижелері ұсынылды.
Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕР:
Мақсатымыз - салаға қатысты мамандарды жинап, қазір қандай профилактикалық шаралар өткізіліп жатқанын анықтап, тиімді тұстарын ұсыну. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тәжірибесін өзімізге алу.
Скендер СЫЛА, ҚР ДДСҰ ЕЛДІК ОФИСІНІҢ БАСШЫСЫ:
Медициналық ұйымда инфекциялар профилактикасы өте маңызды. Себебі барлық сырқат осы ұйымдарда болғандықтан ол жерде жұқтырып алу қаупі де тым жоғары. Сондықтан инфекциялық бақылауды талапқа сай жүргізу қажет.