Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында суға батып кеткен жігіттің мәйіті табылды

  • AstanaTV
  • 13 маусым 2024
  • 2069

Павлодар облысында суға батып кеткен жігіттің мәйіті табылды. Іздестіру жұмыстары үш күн жалғасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 маусымда сағат 12:50-де оқиға орнынан 12 шақырым жерде 1999 жылы туған суға кеткен жігіттің денесін туыстары тапты. 

ТЖД құтқарушылары оның денесін судан шығаруға көмек етті.

Еске салайық, 10 маусымда сағат 14:30-да Ертіс өзенінде шомылу кезінде 1999 жылы туған жігіт суға батып кеткені туралы хабарлама түскен болатын. Ол шомылуға жабдықталмаған жерде суға түскен еді.