Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде енді трамвай жүрмейді

  • AstanaTV
  • 14 маусым 2024
  • 958

Өскемен қаласында ертеңнен бастап трамвай қатынамайды.

«Жолаушыларды тасымалдауды басқару орталығы» ЖШС мәліметіне сүйенсек, 14 маусымда қала бойынша трамвай қозғалысы тоқтайды. Бұған рельс ауыстыру жұмыстарының жүргізілуі себеп болып отыр. 

«Трамвайлар 17 маусымға дейін қатынамайды. Тұрғындардан түсіністік танытуын сұраймыз», — делінген хабарламада.

Трамвай бүгін сағат 21:35–ке дейін жүреді.