Әлемнің 40 университетінен шақырту алған шымкенттік түлек Сунатулла Октамов кейін Қазақстанға келіп, елдің бизнесін дамыту жоспарында барын айтты. Бұл туралы 24.KZ телеарнасы хабарлайды.
Шымкенттік түлектің білім деңгейі мен қабілет-қарымын Америка, Канада, Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінің алдыңғы қатарлы оқу ордалары жоғары бағалаған. Сунатулла Октамов таңдауы Малайзия мемлекетіне түсті.
Сунатулла білім сынақтарынан бөлек, өзінің жан-жақтылығын да дәлелдей алды. Ағылшын тілінде әлеуметтік жобалар мен волонтерлік клуб құру туралы бастамасын сәтті қорғады. Сондай-ақ мамандығы бойынша "Бизнес басқару" саласында халықарылық болжамдар да жасаған. Жас ізденімпаз болашақ мамандығына бір жыл бұрын жоспар құрған.
"Мен осыған 1 жыл дайындалғанның ішінде маған профориентолог мамандар көмектесті. Тағы мұғалімдер көмектесті. Мен жүзден астам универге тапсырдым. Соның ішінде 40 университет мені шақырды. Малайзияда 4-5 жыл оқимын. Сосын елге қайтып, бизнес жағынан елді дамыту ойымда", - дейді Сунатулла Октамов.