Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда суицид жасамақ болған ер адам дер кезінде құтқарылды

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2024
  • 1324

Таразда құтқарушылар суицидтің алдын алды.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Тараз қаласындағы көпқабатты үйлерінің бірінде ер адам бесінші қабаттың терезесінен секірмек болған.

Бесінші қабатқа тез көтеріліп, бірнеше секунд ішінде апаттық-құтқару құралдарының көмегімен есікті ашқан құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында орта жастағы ер адам құтқарылды.