Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл жазда Сенат депутаттарының кезекті сайлауы өтеді

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2017
  • 2519

30-шы шілдеден кешіктірілмей Парламент Сенатының кезекті сайлауы өтеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос мәлімдеді. Оның сөзінше, еліміздің әр облысынан және Астана мен Алматы қалаларынан жоғары палатаға барлығы 16 депутат сайланады. Олардың тізімі осы жылдың 30-шы сәуіріне дейін бекітілуі керек.

Владимир Фоос, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

ҚР-ның сайлау туралы заңына сай әр облыс бір-бірден Сенат депутатын сайлайды. Бұл әр 3 жыл сайын қайталанатын үрдіс. Сондықтан әсіресе  аймақтық сайлау комиссиялары сақадай сай болуы керек.

Мұнан өзге наурыз бен қазан айларының соңғы жексенбісінде жергілікті мәслихаттарға депутаттар сайлауы өтеді. Яғни түрлі себеппен босаған орындарға жаңа депутаттар сайланады. Сондай-ақ қазан айында қала, аудан және ауылдық округтердің әкімдерін қайта сайлау жүргізілетін болады. Науқан барысында сайлау ережесін бұзған комиссия мүшелері Орталық сайлау комиссиясына шақыртылып, тиісті шара қолданылады, - деді Владимир Фоос.