Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда алғаш рет ана құрсағындағы ұрыққа операция жасалды

Қазақстанда алғаш рет ана құрсағындағы ұрыққа операция жасалды. Енді мұндай құрсақішілік ақауларды түзету бойынша жыл сайын 150-ге жуық ота істеу жоспарланып отыр. { Қазақстан мен Ресей дәрігерлерінің қатысуымен Алматыдағы перинаталогия және балалар кардиологиясы орталығында практикалық мастер-класс ретінде өткен алғашқы бастаманы Денсаулық сақтау министрлігі AYALA қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге асырған. Бұған екі жыл дайындық болған. Ол үшін Алматы мен Астанадан дәрігерлер бригадаларын шетелдегі теориялық және практикалық даярлықтан өткен. Енді олар елдегі балалардың мүгедектігін төмендету үшін бар күшін салмақ. Операция инвазивті ем-шаралар арқылы ұрықтың ерте патологиялық жағдайларын түзетуге және емдеуге мүмкіндік береді. 

Анель ӨРКЕНОВА, ПЕРИНАТАЛОГИЯ ЖӘНЕ БАЛАЛАР КАРДИОЛОГИЯСЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГЫ:

Феталдық хирургиядан біздің центрден 4 дәрігер, Астанадан 2 дәрігер дайындалды. Жалпы Қазақстанда 6 дәрігер дайындықтан өтті осы феталдық операциядан. Фетальдық хирургия ол көбінесе бізде монохариалдық егіздерде жасалынады, суы көп болған жағдайда, суы аз болған жағдайда жасалынатын оталар болады бізде.