Русский Сайттың толық нұсқасы

352 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

352 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 60,8 млрд теңге қарастырылған. 66 мың отбасы мемлекет қолдауына ие болды. Табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% - нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындалады. Табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 5 538 теңге мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем біледі. Биыл Атаулы Әлеуметтік Көмек алушылар қатарындағы мектеп жасына дейінгі 108,2 мың балаға 2,5 млрд теңге қосымша төлем белгіленген. Жұмысқа орналасуға, өз ісін ашуға ниетті отбасылар үшін гранттар, біліктілікті арттыру курстарына жазылу және өзге де шаралар арқылы жұмысқа тұруға мүмкіндік бар. Азаматтар тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына, ауыл округінің әкімдігіне, сондай-ақ Электрондық үкімет порталы арқылы өтініш бере алады.