Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ескі ауруханада сапалы қызмет көрсете алмаймыз", - дәрігер

Ескірген ауруханадан шаршадық. Соның салдарынан босануға келген келіншектерге жағдай жасай алмаудамыз. Астана қаласындағы №3 көпбейінді аурухананың дәрігерлері осылай деп шағымдануда. 1964 жылы пайдалануға берілген нысаның бүгінде тозығы жеткен. Әрі қызмет алушылар үшінде тым тарлық етуде дейді ақ халаттылар. 

Өркен МЫРЗАБЕК, ТІЛШІ:

Бұл №3 көпбейінді аурухананың салынғанына 60 жыл уақыт болған. Жылына мұнда 8000 сәби дүниеге келеді. Дәрігерлердің айтуынша тозығы жеткен ғимаратта аналарға жағдай жасау қиын. Сондай-ақ туу көрсеткішіде жылдан-жалға артуда дейді.

Арайлым Жұманқұлқызы осында төртінші сәбиін дүниеге әкелген. Ғимараты ескі, жағдай жасалмаған. Бірақ дәрігерлері білікті болғаннан соң осы перзентхананы таңдаған екен.

Арайлым ЖҰМАНҚҰЛҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ;

Аурухананы таңдаған себебім, ең бірінші мамандар білікті. Енді ғимаратқа келетін болсақ ғимарат өте ескі. Аурухананы жаңартады ма? Әлде басқасын салады ма.... Сол осында жататын адамдарға жағдай жасаса өте жақсы болатын еді. Ал ұжымына келетін болсақ өте жоғары сапада.

Ақ халаттылар туу көрсеткіші жылдан-жылға артуда дейді. Мегаполистегі халық санының көбейгенінен бөлек, бас қалаға өзге өңірлерден де келіп босануға өтінім беретіндер бар көрінеді. Себебі Астана қаласындағы перзентханалардан сапалы қызмет аламыз деп келеді дейді жұртшылық.

Элмира ӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, №3 КӨП БЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ АКУШЕРЛІК-ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ БЛОК БОЙЫНША ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ;

Мамандар қолдан келгенше әйелдерге балалрға көмек көрсетеді. Мамандар өте мықты мамандар бізде. Соңғы бес жылда бізде ана өлімі болмаған. Балалар өлімі өте аз процент бізде, басқа перзентханалармен салыстырған кезде. Дегенменде көп стандарттарға сәйкес келмейді біздің палаталарымыз кішкентай гос стандарт бойынша 9квадрат метр шаршы телетория керек. Ал бізде бір палатада екі емес 3-4 адамнан көп жатады.

Айта кетерлігі мұнда ғимарат ескіргенімен мамандар медициналық техникалар жаңа екендігін айтады. Сондықтан көлемі үлкен жаңа аурухана салынса құрсақ көтерген аналарға қызмет көрсетуге қолайлы болар еді дейді.