Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдық тұрғын жауапсыз ПИК-терді таратуды ұсынды

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2017
  • 2444

Оралда логистикалық орталық пен көкөніс сақтайтын алып қойма салынады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі халық алдындағы есептік кездесуінде айтты. Облыс халқын қажетті азық-түлікпен қамту үшін сыйымдылығы 40 мың тонналық қойма қажет. Ал қолда бар қойманың мүмкіндігі 10 мың тоннадан аспайды. Әкімнің сөзінше, осы іске инвестиция құюға бекінген ресейлік кәсіпкермен келіссөздер жүруде. Есептік кездесуде тұрғындар пәтер иелері кооперативтерін таратуды ұсынды.

Сәлімгерей Нұртазиев, Орал қаласының тұрғыны:

ПИК-тердің жұмысын бақылауға тұрғындардың өздері де салғырттық танытады. Жергілікті билік өкілдері келген кезде он шақты қария мен 2-3 белсенді ғана шығады, нақты ештеме шешілмейді. Ал осыны пайдаланған ПИК-тер ойына келгенін істеп отыр.