Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Сириядағы атыс-шабысты тоқтатуға ат салыса бермек - СІМ

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2017
  • 2124

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Сириядағы атыс-шабысты тоқтатуға ат салыса бермек. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сирия бойынша бірлескен топ атысты тоқтату режимін сақтау үшін үнемі кеңес өткізіп тұрады.

Айта кетейік, күні кеше Сириядағы ахуал бойынша Астанада кезекті басқосу өтті. Жиынға кепіл мемлекеттер мен Сирия Үкіметінің және қарулы оппозицияның 9 өкілі қатысқан. Өкінішке орай, мемлекеттік тарап пен оппозиция ортақ мәмілеге келе алмады. Сириялықтардың кезекті кездесуге қатысатыны немесе қатыспайтыны әзірге анық емес. Бұл Астана-2 кездесуінің нәтижесі зерделенген соң ғана белгілі болмақ.