Ақпан айының соңында көктемде су басу қаупі туатынын ойлай бастаймыз. Шенеуніктер те сөйте ме, білмеймін. Біз Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарындағы дайындық мәселесін білгіміз келді. ШҚО –ғы меншікті тілшіміз Ирина Якунина синопниктердің бірнеше күннен кейін күннің қайта жылынатынын айтқанына арқа сүйеп, өңірде қардың жылдам ери бастайтынын хабарлады. Онсыз да қар биыл нормадан екі есе көп түскен. Қардың биіктігі кей жерлерде 3 метрге жеткен. Өзендердегі мұздың қалыңдығы метрдей. Төтенше жағдай қызметкерлері өзендер мен су қоймаларын күн сайын тексеріп отыр. Облыс үшін су басу таңсық емес, бірақ қай жерде жойқын болатынын болжау қиын. Әзірге алты ауданның 40 елді-мекенін су басуы мүмкін деп, түртіп қойған. Аймақ үшін күн тәртібіндегі басты мәселе – су басудың алдын-алу шаралары. Осы аптада облыста оқу-жаттығулар өтті: бүкіл күш пен техниканың дайындығын тексеріп. «Дайынбыз» депті, біздің тілшіге.
Сұлтан Ахметов, ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:
Облыс бойынша 500 –дей адам және 70-тей техникамыз барлығы күндіз-түні осындй төтенше жағдайларға дайын деп санаймыз.
Ал меншікті тілшіміз Айжан Қуаштың хабарлауынша, Қарағанды облысының 161 елді мекенін су алу қаупі бар. Көктемгі су тасқынынан 40 мыңдай халық жапа шегуі мүмкін. Су арнасынан асса, бұл елді-мекендерді топан су басады. Жағдай әсіресе өзендер мен су қоймалары маңайында орналасқан ауылдарда күрделі. Биыл қар қалыпты мөлшерден екі есе артық түскен. Құтқарушылар мен жергілікті мекемелер мамандары ең алдымен Соқыр, Нұра өзендерінің су арналарын тазалап, жағаларын бекітті. Апатты көпірлерді оқшаулады. Ең ірі Самарқанд тоғанының қақпасын ашып, суды біртіндеп жібере бастады. Қазір барлық аудандар бақылауда. Сондай-ақ, мамандар облыста қараусыз қалған 50-ге жуық су қоймасын назарда ұстап отыр. Өйткені, қардың көп мөлшері дәл осы бөгеттерге жиналған. Болуы мүмкін төтенше жағдайдың салдарын жою, адамдарды қауіпсіз жерлерге дер кезінде көшіру жоспарлары да пысықталған.Алайда, ең қорқыныштысы «Қазгидромет» метеорологиялық мекемесі наурыз айына нақты болжамдар жасай алмай отыр. Онысына облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков «күйіп кетті». Қапаланған әкім қондырғылар көмегімен болжам жасай алмағандарға, көріпкел шақырып болжатып алуды ұсынды. Еске салсақ, өткен жылы Қарағанды облысының 10-нан астам елді-мекенін су басып, 400 жуық үй қираған болатын. Сол тасқыннан аймаққа 15 млрд теңге шығын келген.
Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:
Если надо пригласите вон этого, как там
прогнозист народный целитель. Вот российская сборная по плаванию на
соревнование шамана взяли. Говорят, с бубном ходил. Но видимо плохо колдовал,ничего
не выиграли.