Русский Сайттың толық нұсқасы

"Әсіресе шетелге шыққанда, қырағылық танытуы керек": ҚМА қазақстандықтарға үндеу жасады

  • AstanaTV
  • 18 маусым 2024
  • 1693

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған шетел валютасын өткізу фактілерінің жиілеп кеткенін мәлімдеді. 

ҚМА өкілдерінің ақпаратынша, демалыс маусымы қарсаңында азаматтар валюта айырбастау кезінде, әсіресе шетелге шыққанда, қырағылық танытуы керек. "Жалған ақша жасаушылардың құрбаны болмас үшін және қылмыстық қудалау орбитасына ілінбеу мақсатында, жақсы бағам бойынша айырбастауды ұсынса да бейтаныс адамдарға ақша айырбастамаңыз және валютаны "делдалдардан" сатып алмаңыз. Сауда-саттық жасау кезінде мұқият болуға және банкоматтан ақша алғанда, чектерін сақтауға кеңес береміз", - делінген хабарда. Бұл ретте ҚМА өкілдері қызметі қолма-қол ақша айналымымен байланысты азаматтар мен қаржылық мониторинг субъектілерін (ЕДБ, айырбастау пункттері, ломбардтар және т.б.) жалған банкноттар табылған жағдайда дереу ҚМА-ның аумақтық департаменттеріне жүгінуге шақырды. 

Сонымен бірге агенттік өкілдері жалған ақша жасау, сақтау, тасымалдау немесе өткізуге байланысты істерді тергеп-тексеру тек қана Қаржылық мониторинг агенттігіннің және оның аумақтық департаменттерінің құзыретіне жататынын ескертті.