Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық төреші маусым соңына дейін футболдан шеттетілді

  • AstanaTV
  • 18 маусым 2024
  • 1686

17 маусым күні ҚФФ-ның Төрешілік-сараптамалық комиссиясы мен Төрешілер комитетінің онлайн жиыны өтті. 

ҚФФ баспасөз қызметінің мәліметінше, төрешілік-сараптамалық комиссия QFL Премьер-лигасының 2024 жылғы маусымының 11-турындағы «Астана» мен «Ордабасы» командалары арасында тіркелген даулы эпизодты талқылады.Сондай-ақ аталған комиссия бейнематериалдарға сүйене отырып, бірауыздан келесі шешімді қабылдады: 

– Төреші Артем Кучиннің матчтың 34-минутында қарсыласын арқасынан итеріп жібергені үшін «Ордабасы» командасының қақпасына пенальти белгілемеу туралы шешімі қате деп танылсын. 

Төрешілер комитетінің отырысында бір маусымда бір командаға қарсы жіберілген екі шешуші қателіктен кейін Премьер-лиганың төрешісі Артем Кучинді (Қарағанды) жылдың соңына дейін ҚФФ өткізетін барлық деңгейдегі матчтан шеттету туралы шешім қабылданды,- деп хабарлайды Қазақпарат.