Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырғызстаннан Қазақстанға жіберілген шиелерден жидек шіркейі табылды

  • AstanaTV
  • 18 маусым 2024
  • 1461

Жамбыл облысының Қырғыз Республикасымен шекарасында орналасқан "Қарасу" фитосанитарлық бақылау бекетінде зарарлы шие анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Карантин зертханаларының қорытындысы бойынша, Қырғызстаннан Ресейге бара жатқан екі вагонға тиелген (20,5 тонна және 18,8 тонна), сондай-ақ Қырғызстаннан тасымалданған 900 келі шиеден азиялық жидек дрозофиласы табылған.

Әрбір өнім иесіне 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Бұзылған шие Қырғыз Республикасына қайтарылды.

Азиялық жидек дрозофила (Drozophila suzukii) – Қазақстан Республикасында карантиндік маңызы бар кең таралмаған нысан. Бұл зиянкестер жүзім, құлпынай, шабдалы, өрік, шие, таңқурай және т.б. сияқты жеміс-жидек дақылдарының 60-қа жуық түрін зақымдайды. Ұзындығы 2-3 мм Азиялық жидек дрозофиласының ересек фазасында, қызыл көздері бар, денесі ашық-қоңыр немесе сарғыш-қоңыр, іште қара көлденең жолақтары болады. Азиялық жидек дрозофиласы, дрозофиланың басқа түрлерінен айырмашылығы, бүлінбеген піскен жемістерді мекендейді және оларды жейді, егінге айтарлықтай зиян келтіреді. Ол ұрықты дерлік байқалмайтын кесулермен зақымдайды, содан кейін жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдер өмір бойы ұрықтың ішінде қоректенеді. Одан жидек тіндері жұмсарып, шіріп кетеді.