Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында "Таза бейсенбі" акциясына 800 адам қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасына «АMANAT» партиясының мүшелері де үлес қосуда. Партияның Қызылорда облыстық филиалы «Таза бейсенбі» акциясын ұйымдастырды. Шара аясында барлық аудандар мен ауылдардағы ластанған аумақтардың картасы әзірленген. Соның негізінде бастауыш партия ұйымдары нақты жұмысқа кірісті. Олар бекітілген нысандардың тазалығы мен абаттандыру мәселесін үнемі бақылауда ұстайды. Басты мақсат- тазалық жұмыстарына көңіл бөлу ғана емес, еліміздің тарихи, мәдени мұраларын вандализмнен қорғау, дейді ұйымдастырушылар. 

Фарида ҚАЛИЕВА, «АБЗАЛ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Акцияның мақсаты қоршаған ортаны сақтап, әлеуметтік мәдениетті қалыптастыру. Осы облыс көлемінде бұл акцияның пайдасы өте көп. Және біз ортақ мақсатқа күш-жігермен осылай қол жеткізіледі. Қоршаған орта жақсарса, адамның денсаулығы жақсарады.

Түркістан облысында да «Таза бейсенбі» акциясы аясындағы шараның бірі Ордабасы ауданындағы Арыс өзенінің бойында жалғасты. Акцияға қатысушылар Темірлан ауылы маңын бекер таңдамаған. Аптап ыстықта өзен жағасындағы тал-теректің қою көлеңкесінде бір сәт аялдап, демалатын жолаушы көп. Өкініштісі, арнайы қоқыс жәшіктері орнатылған болса да, әр талдың түбіне босаған шөлмектерін лақтырып, қалдықтарын шашып кететіндердің қатары азаяр емес. «AMANAT» партиясы осы науқанды өткізу арқылы қоғамда экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыруға, тазалықты сақтауға шақырады. Облыс көлемінде ұййымдастырылған «Таза бейсенбі» акциясына 800 дей адам қатысты. 16 мың тоннадан астам күл-қоқыс шығарылды. 

Алтынсары ҮМБЕТӘЛИЕВ,  «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жалпы бұл «Таза бейсенбі» акциясының халыққа беретіні тазалықты, елімізге деген ауру сырқаудың бәрі осымен кетеді. Осы іс-шараға барлықтарыңызды шақырамын. Мұндай шараның берері көп біздің халыққа. Жастарға, жасөспірім ұрпаққа тәлім-тәрбие береді. Демалушылардың бәрі таза жерде демалады. Бұның өзі керемет іс-шара деп ойлаймын.

Ғани РАЙЫМБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

«Таза Қазақстан» акциясы бүкіл біздің Ордабасы ауданында ардагерлерден бастап үйдегі жас балаларға дейін шығып, қазіргі уақытта аулаларын тазалап, бүкіл ауыл белсенділері бар, аудан активі бар бәрі қазір тазалық үстінде. Бұл бейсенбілік акциясы алдағы уақытта жалғасын табады.