Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде мопедтердің қатысуымен 74 жол-көлік оқиғасы болған

Ақтөбеде мопед және скутерлердің қатысуымен жол -көлік оқиғалары жиілеп кетті. Жыл басынан бері қаланың өзінде 74 жол апаты тіркелген. Қырыққа жуық жасөспірім жазым болды. 

Ақтөбеде скутер, мопед десе қарапайым жүргізушілер де шошиды. Өйткені оны негізінен жасөспірімдер тізгіндейтін болғандықтан, қауіпті. Көпшілігі жол қозғалыс ережесін сақтамақ түгілі, білмейді дейді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Оған отыратын кілең жасөспірім 18-ге толмаған көбісі, онға толмаған балдар отырады. Қалай ата-аналар оған қарап жатқанын мен түсінбеймін оны. Себебі ата-ана денсаулығын ойламай ма? Олар барлығы доступно болып кеткен. Бұл жерде екі тараптан кінә бар бірінші ата-наа екінші үкімет шара қоймай жатыр. Сондықтан ол өте қауіпті.
- Скутер мопед жүріп келе жатқанда алдымыздан өтіп аварийный ситуация создавать етеді біздерге. Соның бәрін енді бір жағына шығау керек қой. Неге десең машинаға жүру қиын. Оң жақтан сол жақтан шығып, байқамай қаласың. Сосын оларда нөмірде жоқ.

Ақтөбеде жыл басынан бері осы скутер мен мопед мінген отыздан астам бозбала түрлі жарақат алып ауруханаға түссе, бір адам қаза тапты. Дәрігерлердің өзі бұл көліктің өте қауіпті екендігін айтып отыр.

Бағлан РАХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ-ДӘРІГЕРІ:

Қол аяқ жағынан сынықтар бар. Анадай жаралар бар. Ми шайқалғандар бар. Оның ішінде бір скутерден құлаған кәмелетке келмеген бала бар. 17 жасар ауыр жағдайда түсті. Оны бір күн бізде ұстап, сосын областной детский ауруханаға жіберілді.

Айта кетейік, скутерлер мен мопедті қазір Ақтөбеде 300-350 мың теңгеге алуға болады. Мамандар ата-аналар бұл қауіпті көлікті балаларына алып бермес бұрын ойланса екен дейді.

Алмас КАНАЛИН, ҚАЛАЛЫҚ ПБ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Жүргізуші куәлігі берілмеген соң, олар жол жүріс бөлігінде өздерін қалай ұстап, тұруын, жүруін білмейді. Сол себепті жол ережесін білмеген соң, олар түрлі жол-көлік оқиғаларына тап болып жатыр.

Қазір полицейлер скутер мен мопед тізгіндеушілерді тоқтатып, жол ережесін түсіндіру жұмыстарымен айналысып жатыр. Бірақ заң жүзінде көлік құралы ретіңде тіркеуге алып, жүргізуші куәлігін алуды міндеттемей мәселе шешілмейтін сыңайлы.