Русский Сайттың толық нұсқасы

Алты адам Ақмола мен СҚО-да 350 млн теңгеге жасанды ішімдік сатып келген

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2024
  • 1372

Ақмола облысы Степногорск қаласының тұрғыны алты адамға басшылық ете отырып, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында суррогат алкоголь сатқан.

Олардың орнын тінту кезінде 20 мыңнан астам дайын өнім бөтелкелері және 100 мыңнан астам бос бөтелке, сондай-ақ спирті бар сұйықтық, спирт, жалған есепке алу-бақылау маркалары тәркіленген.

«Қылмыстық әрекет кезеңінде ақша айналымы 350 млн теңгеден асты. Сот үкімімен іс бойынша айыпталушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастырған 4,6 млн теңге көлеміндегі қаражат мемлекет кірісіне тәркіленді», - деп хабарлайды Қаржы мониторинг агенттігі.