Атырауда әйелін соққыға жықты деп айыпталған Мақат ауданының экс- әкіміне қатысты үкім шықты. Атырау қалалық судьясы бұрынғы шенеунікті «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бабымен кінәлі деп танып, 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.
Абылай ҚАРАБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
Ибрагимовке 2 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгілеп, жаза өтеу мерзімі ішінде 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылсын. +Жаза өтеуден қаскөйлікпен жалтарған жағдайда бас бостандығынан шектеудің өтелмеген мерзімі бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылатынын түсіндірілсін.
Сонымен қатар ол бұрынғы әйеліне 2 миллион теңге моральдық шығын өтеуі тиіс. Айта кетейік, 38 жастағы Ринат Ибрагимов Мақат ауданын 2 жыл басқарды. Дзюдодан спорт шебері. Бұрынғы әйелі әлеуметтік желіде отбасылы болған 11 жыл бойы балаларының көзінше ұрып-соғып келді деп мәлімдеме жасаған еді. Экс-әкім үкіммен келіспейтінін айтты.