Русский Сайттың толық нұсқасы

«Барыс» өз алаңында ҚХЛ-дағы деңгейі төмен командадан жеңіліп қалды

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2017
  • 2450

«Барыс» өз алаңында құрлықтық хоккей лигасының төмен деңгейлі командасынан жеңіліп қалды. Новокузнецк қаласынан келген "Металлург" командасымен тартыс оңайға соқпады. Қонақтар біздің қақпаны жиі торуылдап, "Барыстың" ойыны кері кеткендей болды. Команда капитаны Боченский жарақат алып, тәртіп бұзған қарсылас команда өкілі ойын соңына дейін алаңнан шеттетілген. Оңтайлы сәтті тиімді пайдаланған астаналықтар 52 секунд ішінде 2 шайба соқты. Алайда, жеңісті ұстап тұру мүмкін болмады. Кездесудің аяқталуына 9 минут қалғанда айыпкерлер орындығына "Барыстың" екі бірдей ойыншысы жайғасты. Айырманы оңтайлы пайдаланған қарсыластар не бары 6 секундта 2 шайбы соқты. Ал,  қосымша уақытта қарсылас команда жеңіс голын соқты. "Барыс" плей-офф кезеңінде Челябинск қаласынан келген "Трактормен" сайысады.

Роман Савченко, «Барыс» ХК қорғаушысы:


Енді "Авангардпен" тағы бір ойын ойнаймыз. Содан кейін "Тракторға" қарсы ойынға дайындықты бастау керек. Жан-жақты дайындалып, кемшілігі мен ұтымды тұстарын зерттеуге тиіспіз. Бізге "Ақ барыспен" ойнағаннан гөрі "Трактормен" ойнаған тиімді.