Астанада қаланың жаңа алтыншы ауданы Сарайшық деп аталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәлімдеді.
"Біз жаңа ауданның атын таңдау үшін ғалымдармен, тарихшылармен бірнеше кездесу өткіздік. Барлығы 15 нұсқа болды, олардың Сарайшық, Сауран, Тұран және Жерұйық деген төрт атау таңдалды. Кейін жалпы дауыс беру қорытындысы бойынша Сарайшық атауы таңдалды", - деді басқарма басшысы.
Ол Сарайшықтың – Алтын Орданың, Қазақ хандығының астанасы болғанын және саяси ғана емес, мәдени және экономикалық орталыққа айналғанын атап өтті.