Русский Сайттың толық нұсқасы

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 80 күн қалды

ЮНИСЕФ бесінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми серіктесі атанды. Бүгін дирекция мен ЮНИСЕФ Қазақстан арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат инклюзияны қолдап, балалардың құқықтарын қамтамасыз етеді. Екі жақты ынтымақтастық дүниежүзілік көшпенділер ойындарын тек әсерлі ғана емес, сондай-ақ қауіпсіз өтуіне көмектеседі. Құжат аясында "Көшпенділер ғаламы" ауылы құрылып, ЮНЕСЕФ ұйымы балалардың теңдігі жөнінде ақпарат беретін болады. Жалпы елімізде алғаш рет өтетін шараға қазіргі күні 89 мемлекет өтінім қалдырған. Өтініштерді қабылдау шілде айының ортасына дейін жалғасады. 

Абылай ҚҰНДЫБАЕВ, V ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫН ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ БОЙЫНША ДИРЕКЦИЯ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Көшпенділер ойындарында 1000-ға жуық ерікті өз жұмыстарын көрсетіп атсалысатын болады. Еріктілермен жұмыс бағыты бойынша және еріктілерді инклюзив бойынша ақпараттандыру бойынша және мүмкіндігі шектеулі балалармен қалай жұмыс істейтіндігі жөнінде оқытулар жүргізілетін болады.