Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жасыл ел» жасағының мүшелері елордадағы Өндіріс алабын қоқыстан тазартты

«Жасыл ел» жасағы елордадағы Өндіріс алабын қоқыстан тазартты. Бұл -«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған кезекті ауқымды шара. Оған 100-ден аса жасөспірім жұмылдырылып, аумақтың жан-жағын ретке келтірді. Белсенді жастар 10 тонна қоқыс шығарды. Жасақ жетекшісінің айтуынша, мұндай шаралар жастарды тазалыққа, еңбекке баулып, қаланының көркеюіне үлес қосады. "Жасыл ел" жасақтары маусым айынан бастап қала бойынша 1000 тоннадан астам қоқыс тазартып, абаттандыру жұмыстарына белсене қатысқан. 

Айдар ЕРЛАН, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Астана қаласында мына "Жасыл ел" сарбаздары жаз маусымында мектептен тыс уақытта, еңбекке баулыту балаларды. Сонымен қатар өзінің қоршаған ортасын таза ұстау, балаларды еңбекке дәріптеу болып табылады. Мектеп жасындағы балалар олар мектеп ауласын тазалау жұмыстарын жүргізеді. Ал, басқалары қаланың саябақтарын, қала аумағындағы аумақтарды сонымен қатар сквер су аумақтарын, гүлзарларын тазалау жұмыстарына қатысуда.
Адият ҚАЙРИДЕНОВ, «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАР ЖАСАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Мен бір қапты толтырып тастадым. Екіншісін жалғастырып жатырмын.. Үлкен тастарды емес, кішкентай тастарды және қоқыс, ағаш және арамшөптерді жұлып жүрміз. Бұл жердегі жұмыс қатты қиын деп айта алмаймын, оңай деуге де болады.