Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаңа Салық Кодексі таныстырылды

Жаңа Салық Кодексі таныстырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген құжат 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Ол бойынша ескі көлік иелері екі есе аз салық төлейді. Егер машинаның қызмет мерзімі 10 жылдан асса, салық мөлшері 30 пайызға, ал 20 жылдан асса – 50 пайызға төмендейді. Сонымен қатар зейнеткерлердің табыс салығының мөлшерлемесі қысқарып, оны төлеуден босатылады. 

Азамат ӘМРИН, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Бізде арнайы салық режимдері өте көп екенін білесіздер. Бизнестегілер режимнің өте көп екенін, шатасатындарын айтты. Осы кемшіліктердің бәрін жою үшін режимдерді барынша қысқарттық. Бірінші режим – өз-өзін жұмыспен қамтушылар режимі. Оған қазір мобильдік қосымша арқылы, интернет платформалар арқылы қызмет көрсетушілер, 34 қызмет түрі бойынша патент арқылы жұмыс істеушілер кіреді.

Жаңа Салық Кодексі кейбір салық төлеушілерді жеке кәсіпкер ретінде тіркелуден босатады. Яғни табысы бойынша жай ғана алым төлеп отырады. Табыстың салық мөлшерлемесі 4 пайыз болады. Оған қоса шағын және орта бизнеске арнайы режимдер үшін салық мөлшері табыстың 3 пайызынан 2 пайызына дейін төмендетіледі. 

Тимур ЖАРКЕНОВ, “АТАМЕКЕН” ҰКП БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өз өндірісінің өнімін өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін Корпоративтік табыс салығы 10 пайызға, жеке табыс салығы 5 пайызға төмендетіледі. Жалпы жаңа құжат мемлекеттің ғана емес, бизнестің де мүддесіне сай келеді.