Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы «Масс-медиа туралы» Заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Масс-медиа туралы» Заңға қол қойды. Құжатта бірыңғай медиа платформа құру көзделген. Оның ішінде мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына гранттар беру, аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі арқылы журналистерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тіркеу және басқа да міндеттер қарастырылған. Журналистер үшін қосымша құқықтық кепілдіктер белгіленген. «Журналистің ерекше мәртебесі» деген ұғым енгізілді. Яғни, журналистің құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын, олардың ақпарат іздеу, сұрату, алу және тарату кезіндегі, сондай-ақ «Масс-медиа туралы» Заңда белгіленген өзге де ерекше құқықтарын журналист мәртебесі деп түсіну керек. 

Уалихан ҚАЙСАР, ЗАҢГЕР:

5 жыл өтсін ба, 10 жыл өтсін ба, мысалы журналистерді жауапқа тартуға болатын еді. Егер қазір заңға қол қойылғанан кейін әрине ол журналист өздерінде шамалы емін-еркін сезетін болады. Сондықтан бұл меніңше өте-өте жөн нәрсе деп ойлаймын.