Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбаевты қабылдады.Кездесу барысында еліміздің дамуына және өскелең ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысы аға буынды Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға, атап айтқанда нашақорлық, лудомания, отбасы институтын дәріптеу ісіне белсенді атсалысуға шақырды. Өз кезегінде Өмірзақ Озғанбаев Президентке ауылдық жерлерді дамытуға қатысты пікірін айтты. Сондай-ақ «Ардагерлер ұйымының» бастамасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспары жөнінде баяндады. 

Өмірзақ ОЗҒАНБАЕВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ" ҚБ ОРТАЛЫҚ КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қай халық үшін өте маңызды мәселе. Қазақ ауылы туралы мәселе көтердік. Қазақ ауылы туралы Президент өзінің инаугурация кезінде бірінші шешім қабылдап, осы мәселеге ерекше назар аударған еді. Сол мәселе енді одан әрі қалай жүріп жатыр, деген. Мен өзім көрген, өзім болған адамдармен осындай жақсы мыолардың алдағы уақытта атқарылатын жқмыстар, кездесулер туралы пікірлестік.