Русский Сайттың толық нұсқасы

Халықаралық ақпараттық технология универсиететінде Елбасының жолдауы талқыланды

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2017
  • 3031

Ауыл шаруашылық саласында сандық технологияның көмегімен мол өнім алу мүмкіндігі жас мамандардың қолында. Бүгін Алматыда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде студенттермен кездескен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов осы тақырыпқа ерекше назар аударды.

Агросектор - Қазақстан үшін үлкен перспективасы бар сала. Бірақ ол жерге жаңа мүмкіндіктер мен заманауи технология жетіспей жатыр. Сондықтан жаңаша ойлайтын, түрлі компьютерлік бағадарламалар жасайтын мамандарды осы салаға да назар аударуға шақырды. Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» деп аталатын жолдауында басқару жүйесі ғана емес, шаруашылық саласы да өз отандастарымыздың білігі мен жігерінің арқасында жаңаша дамуға мүмкіндік тудыруы керек, дейді бүгінгі талқылауда партия идеологтары. 

Айта кетейік, Алматыдағы халықаралық ақпараттық технологиялар университеті осыдан 7 жыл бұрын Елбасының тапсырмасымен ашылып, мамандар даярлап жатыр. Жоғарғы оқу орны болашаққа заманауи көзқараспен қарап, ІТ-технологияларды меңгерген, жаңалыққа жаны құмар, үш тілде білім алатын мамандар даярлап жатыр.

Фархад Қуанғанов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Университеттің студенттер мен оқытушылары қатысқан жиында қызықты тақырып талқыланды. Елбасының осы жолғы жолдауы, шынымен, осы ақпараттық технологияны оқып жатқан болашақ мамандарға тікелей қатысы бар. Олар Президенттің Үкімет алдына қойған тапсырмалары, соның ішінде "Сандық Қазақстан" және "Кибер шабуылдардан қорғану" бағдарламаларына қатысты түрлі сұрақтарға жауап алуға тырысты.