Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде үш жылдан бері субұрқақтар іске қосылмай тұр

Ал ақтөбеліктер ыстықтан қорғанып, салқындайын десе үшінші жыл қатарынан субарқақ іске қосылмай тұр. Шахардағы 22 фонтанның тек үшеуі істеп тұр. Ал қалғаны құрғап кеткені былай тұрсын, сәні де кеткен. 

Бақыт ҚАЗАНҒАПҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Бұл субұрқақ Ақтөбенің орталық саябағында орналасқан. Қосылмағанына бірнеше жыл болған. Қазіргі сиқы мынау. Қирап жатыр.

Ақтөбеде осындай жиырма екі су бұрқақ бар екен. Соның соңғы кезде тек үшеуі ғана істеп тұр. Қалғаны болса, жұмыс істемей құрғап тұр. Тіпті кейбірі қараусыз қалған. Айнала қоршауы түсіп, күл-қоқыс жиналып қалған. Қалаға жазда сән беретін су бұрқақтардың істемегеніне тұрғындарда өкпелі.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Істемейді. Салқын ауасы келеді. Балдар сол арада ойнайды. Ол жақсы еді ғой. Енді қазір құрғақ. Екі жыл болды істемегеніне. Күн қатты ысиды. Сондықтан бізге саялайтын жер керек. Давлениеміз.
- Фонтанға үйреніп қалдық. Жылсайын келіп фонтан қасына отыратын едік. Биыл ашылған жоқ. Енді ашылғанын қалаймыз.
-  А так бала-шаға бәрі қасында жүреді. Прятно же. Свежесть болады. Істегені жақсы. Істемей тұр. Білмейміз ғой. ойнайтын еді. Может қаражат керек шығар.

Былтыр шахардағы сегіз фонтанға күрделі жөңдеу жұмыстарын жүргізу үшін 184 миллион теңге бөлінген. Алайда мердігер мекеме жүктелген міндетті уақтылы орындай алмай, әкімдік оларды сотқа берген. Биыл басқа мердігермен келісім шарт жасалмақ.

Бақтияр ТӨРЕШ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Біз енді толығымен күрделі жөңдеу жұмыс жасатуға конкурс ұйымдастырдық. Бұйырса анықталғаннан кейін жасайтын болады мердігер мекеме қалған фонтанды. Сосын он фонтанды спонсорлық көмекпен жасатып жатырмыз.

Жауаптылардың айтуынша биыл жазда төрт фонтан күрделі жөңдеу жүргізіліп, келер айда олар іске қосылады. Ал оларды күтіп ұстау үшін 22 миллион қаражат бөлініпті.