Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарызын 90 күннен астам уақыт кешіктіргендерге кепілсіз несие беруге тыйым салынады

Елімізде несие шарттары қатаңдайды. Енді қарызын 90 күн бойы кешіктіріп жүргендерге кепілсіз несие берілмейді. Екі айдан кейін күшіне енетін Заңда тағы қандай өзгеріс бар? Тілшіміз тарқатады. 

Қазір жұмысқа жарамды 9 млн адамның 6 млн-да несие бар. Ал оның ішіндегі 2 млн азамат берешегін уақытында төлемеген. Енді қарызын 90 күннен астам уақыт кешіктіргендерге кепілсіз несие беруге тыйым салынады. Әрі несиесі бар жігіттер отан алдындағы борышын өтеп жүргенде және демобилизациядан кейін 2 ай бойы қарызына өсімпұл есептелмейді. Сондай-ақ отбасыларға жұбайларының келісімінсіз кредит беруге тыйым салынады.

ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ

Бұл отбасылардың мүдделерін қорғауға және ерлі-зайыптылардың біреуінің ірі тұтынушылық кредиттер алуына жол бермеу үшін бағытталған. Сондай-ақ несиеге келісім алу тәртібі агенттіктің нормативтік актісінде айқындалатын болады.

Бұдан бөлек азаматтардың қарызын 2026 жылдың мамырына дейін коллекторларға беруге тыйым салынды. Егер клиент несиесін 24 ай бойы төлемеген болса, оның берешегіне оңтайландыру жүргізілген болуы тиіс. Аталған жұмыстар көмектеспесе, коллекторларға беруге рұқсат.

Дулат МЫҢБАЕВ ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САРАПШЫСЫ:

Қарыз беруші мекемелер екі жылға дейін өтелмеген несиелерді, коллектор компанияларға өткізуге тыйым салынып отыр. Өтелмеген қарыздар бойынша банкпен белгілі жаңа келісім шарттар, болмаса жаңа графиктер алып болмаса уақытысн созу арқылы. Болмаса ай сайын төлемді төмендету арқылы төлеуге болады.

Қазір онлайн несие рәсімдейтін алаяқтар қаптап кетті. Енді жаңа заңға сай, микро несие алу үшін міндетті түрде биометриялық сәйкестендіруден өту қажет. Бұл норманың техникалық жағынан қалай іске асатыны қазір қаралып жатыр дейді мамандар.