Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы әкімдігі халықтың өтінішін орындады

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2024
  • 353

Бүгін, 2024 жылдың 25 маусымында Алматы әкімдігі №211 автобус бағытына қатысты жағымды жаңалық айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, енді №211 автобус бағыты күн сайын қатынайды

Қала тұрғындарының өтініші бойынша №211 бағыты "Спорт сарайы" - "Алма-Арасан" арасында күн сайын қатынайды. Бұрын маршрут тек демалыс күндері жүретін.

Таулы жерге бейімделген жүріс және тежеу жүйесі бар 2 бірлік Yutong маркалы автобус күнделікті қатынайды.

Маршрутта жолақысын қолма-қол ақшасыз төлеу 100 теңге, ал қолма-қол ақшамен төлесеңіз, 200 теңге. Бұрын жолақысы 300 теңге болатын.