Елімізде 725 мыңнан аса адамның мүмкіндігі шектеулі. Оның жартысынан астамы еңбекке жарамды. 26,9 пайызы зейнеткер болса, 15,1 пайызы 18 жасқа дейінгі бала. 2025 жылға дейін мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар іске асырылуда. Қабылданып жатқан шаралар туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты.
Светлана ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:
Қазіргі уақытта 871 ұйым мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. 2025 жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтерді жан басына қаржыландыру енгізілуде, бұл жеке бизнесті тартуға ықпал ететін болады. Бұл шара арнаулы қызмет көрсететін ұйымдардың желісін кеңейтуге және оларды шалғайдағы ауылдық елді мекендерге жеткізуге мүмкіндік береді.