Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Қатар Мемлекетінің елшісі Абдалла бен Хусейн Джаберді қабылдады

Мемлекет басшысы Қатар Мемлекетінің елшісі Абдалла бен Хусейн Джаберді қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарды Қазақстанның ортақ мақсаттар мен мұраттар біріктіретін ең жақын серіктестерінің бірі ретінде атады. Сонымен қатар Президент Астанада өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммитін қолдап, құрметті қонақ ретінде қатысуға ниет танытқаны үшін Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге ризашылығын білдірді. Ал Қатар елшісі Абдалла бен Хусейн Джабер құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Доханың екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі қарқынды дамытуға бейілді екенін растады. Сондай-ақ, кездесуде сауда-экономика, энергетика және денсаулық сақтау салаларындағы ықпалдастық перспективасы талқыланды.