Русский Сайттың толық нұсқасы

Үйлену тойда ән айтқан күйеу жігіт пен қалыңдық ерекше дауысымен жұртты таңғалдырды

  • AstanaTV
  • 27 маусым 2024
  • 237

Желіде үйлену тойда ән айтқан күйеу жігіт пен қалыңдықтың видеосы тарады. Видео Медина есімді арудың Tiktok-парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Парақша иесі видеодағы қайын інісі пен келіні екенін жазған. 

"Он саусағынан өнер тамған аппақ келінім мен қайын інім", - деп жазған ол.

Желі қолданушылары күйеу жігіт пен қалыңдықтың ерекше қоңыр дауысына тәнті болып, түрлі пікір қалдырған.

"Дарын бар, таныс жоқ", "Қыздың дауысы әннің түпнұсқасына ұқсайды", "Қандай әдемі", "Қыздың дауысы енді керемет", "Нәзік, қылықты қыз сияқты өзі", "Дауыстары қандай керемет", "Неткен өнерлі жұп", "Қалыңдық кәсіпқой әнші секілді", - деп жазған олар.