Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Саппорода өтіп жатқан Азиада ойындарында жалпы командалық есепте 4-ші орында тұр

  • AstanaTV
  • 21 ақпан 2017
  • 2136

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан Ақ Азиадада алғашқы алтынға да қол жетті. Шаңғышы Ринат Мухин 15 шақырымға жекелей шаңғы тебуде жарыс қожайындарын шаң қаптырып, мәре сызығын бірінші болып кесті. Мұнан кейін 3 бірдей қазақстандық Черепанов, Чеботько және Ахмадиевтер бірінің артынан бірі келген. 10 шақырымда еркін сырғанауда Елена Коломина қоладан алқа тақты. Ал, Денис Кузин болса конькимен жүгіруден күмісті місе тұтты. Оның алдын жапондық Такуро Оде не бары 0,31 секунд уақытқа орап кеткен.

Қазақстандықтар әзірге жалпы командалық есепте кесте турнирының 4-ші сатысында тұр. Әзірге жарыс қожайындары топ бастап тұр, екінші орында Оңтүстік Корея және алғашқы үштікті Қытай қорытындылап тұр. 4 жылда бір өтетін қысқы Азиада ойындары 26 ақпанға дейін жалғаспақ.